Ш.Досмұхамедов Атындағы Атырау Университеті 2021 жылдың 16 қыркүйегінде ТРИГГЕР жобасы бойынша семинар өткізді.
Семинарға университеттің 23 қызметкері (факультет декандары, кафедра меңгерушілері, кафедра қызметкерлері, оқытушылар) қатысты.
Жобаның жергілікті үйлестірушісі Айман Мұсаева семинарға қатысушыларды «ЖОО-ның болашақ сын-қатерлерге дайындығын Бағалау»жобасының 1-жұмыс пакеті бойынша жұмыс нәтижелерімен таныстырды. Осы жұмыс пакеті аясында ағымдағы жылдың Мамыр-маусым айларында сауалнама арқылы университеттің өзін-өзі бағалауы жүргізілді. Университеттің болашақ сын-қатерлерге дайындығын қамтамасыз ету бойынша университеттің одан әрі іс-әрекетінің негізгі бағыттары анықталды.
